7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Ғалымдар 2023 пен 2027 жылдар аралығындағы бесжылдық кезеңде тарихта болмаған аптап ыстық болуы мүмкіндігін ескертті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның есебінде жазылған.
Зерттеушілер бұл кезеңде жаһандық ауа температурасы 1,5 градус Цельсийге дейін көтерілуі мүмкін деп отыр. Қазіргі уақытта орташа жаһандық температура ХХ ғасырдағыға қарағанда 1,15 градусқа жоғары.
Одан бөлек, көрсетілген кезеңде Солтүстік Еуропадағы, Сібір мен Аляскадағы, сондай-ақ африкалық Сахель аймағында жаңбыр жиі жауса, Амазонка мен Австралияның кейбір бөлігінде керісінше азаяды.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның баяндамасында Эль-Ниньо деген атауға ие табиғи құбылыс қыздыратын әсерімен белгілі. Жердің климаты соңғы үш жыл ішінде Ла-Нинья құбылысының ықпалында болса, Эль-Ниньо соған қарама-қарсы болып саналады.
Бұған дейін де ғалымдар ХХІ ғасырдың соңына дейін Жерде жаңа климаттық аймақтар пайда болатынын айтқан еді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?