18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Туризм және спорт министрлігі 26 мамыр мен 1 маусым аралығындағы спорттық жарыстардың кестесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
26–28 мамыр: Сурдо дзюдодан Қазақстан кубогі;
Жарысқа еліміздің 16 өңірінен 110-нан астам спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ақтау қаласы.
27–31 мамыр: Жеңіл атлетикадан XXVI Азия чемпионаты;
Сары құрлық додасында ел намысын 27 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Гуми қаласы, Оңтүстік Корея.
27 мамыр – 6 маусым: Пара нысана көздеуден Әлем кубогі;
Турнирде 3 отандасымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Чханвон қаласы, Оңтүстік Корея.
28 мамыр – 1 маусым: Грек-рим күресінен жастар арасындағы халықаралық турнир;
Бозкілемде 8 жерлесіміз белдеседі.
Өтетін орны: Пореч қаласы, Хорватия.
30 мамыр – 1 маусым: Каратэден Karate1 Premier League халықаралық турнирі;
Жарысқа 67 елден 400 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 13 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Рабат қаласы, Марокко.
30 мамыр – 2 маусым: Қоян-қолтық ұрыстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты;
Турнирде 38 спортшымыз жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Бурса қаласы, Түркия.
31 мамыр – 1 маусым: Би спортынан Қазақстан чемпионаты мен кубогі;
Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 700 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ақтау қаласы.
31 мамыр – 1 маусым: Шинкиокушинкай каратэден 8-ші әлем чемпионаты (фулл-контакт каратэден 1-ші әлем чемпионаты);
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Токио қаласы, Жапония.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр