Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТуризм және спорт министрлігі 28 сәуір мен 4 мамыр аралығында өтетін жарыстар кестесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
28-30 сәуір: Велоспорттан Tour of Bostonlig Ladies халықаралық жарысы;
Қазақстан намысын 5 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Газалкент қаласы, Өзбекстан.
29 сәуір – 1 мамыр: Ересектер арасындағы қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» Азия кубогі;
Жарысқа еліміздің барлық облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 180 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Қарағанды қаласы.
29 сәуір – 6 мамыр: Ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты;
Қазақстан құрамасы сапынан 5 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.
30 сәуір – 6 мамыр: Мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир;
Бәсекеге отандық 3 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Бангкок қаласы, Таиланд.
30 сәуір – 6 мамыр: Жүзуден Acropolis Swim Open халықаралық турнирі;
Жарысқа ел құрамасынан 6 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Афина қаласы, Греция.
3-12 мамыр: Стенд атудан Әлем кубогі;
Турнирде 6 спортшымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Никосия қаласы, Кипр.
4-9 мамыр: Күрес түрлеріне жастар арасындағы халықаралық турнир;
Турнирге Қазақстан құрамасының палуандары да қатысады.
Өтетін орны: Анталия қаласы, Түркия.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды