Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӘнші Қайрат Нұртастың онлайн өтіп жатқан сот барысында оқиғаға қатысты мән-жайлар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайрат досым еді. Орал қаласына тойға барып берші деп жазған едім. 7-8 рет хабарлассам да жауап бермеді. Сол кезде "Досым, бір-бірімізге көмектесіп жүрген едік" деп біраз нәрсе жазып жібердім. Ол мені боқтап жауап берген. Содан 4-і күні ұшатын болып, ұшаққа отырдым. Сол сәтте жанжал туындады. Бортсеріктер мені ғана байлап, ұстады. Қайрат халықтың баласы болғандықтан оны ұстағысы келмеді. Мен ғана қысым көрдім, - дейді жәбірленуші.
Әншінің заңды өкілі Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, жәбірленуші мен әнші жақын дос болған.
Екеуің де кінәлісің. Бұрыннан дос едіңдер. Асылбек сен де менің балам сияқтысың. Алып бара жатқан көзің қисайып, көгерген ештеңесі жоқ. Артық сөздің қажеті жоқ, бір-біріңді кешіріңдер. Менің асымды ішіп, үйімде жылдар бойы жүрдің. Сен бірінші ұрдың, байқаусызда артынан кеп ұрдың, - дейді Гүлзира Айдарбекова.
Ал әнші өзінің қандай жазаны өтеуге дайын екенін айтты.
Маған тек айыппұл салып, жазаласаңыздар екен. Алдағы уақытта жоспарланған қаншама концертім бар. Мен айыппұлды төлеуге дайынмын, - деді Қайрат Нұртас.
Жарыссөзді тыңдаған сот кеңесу бөлмесіне кетті.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары