Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстана тұрғыны бизнес-жобаны іске асыру түрінде көрініс тапқан алаяқтық жолмен екі жәбірленушіден 100 млн теңгеден астам ақшаны инвестиция ретінде алып иемденген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қалалық прокуратура мәліметінше, сотталушы жоғары кіріс әкелетін IT-бизнеске — ақылы автотұрақ жүйесімен жабдықталған автоматтандырылған шлагбаумдар орнатуға инвестиция салу және бірлесіп қатысуды ұсынған.
Тергеу және сот процесі барысында ол өз кінәсін мойындамай, жасалған іс әрекетін азаматтық-құқықтық қатынас ретінде танып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтармақ болып, келтірілген материалдық залалды өтеуден бас тартқан. Алайда оның жәбірленушілерден алынған қаражатты инвестициялық жобаға салмай, жеке қажеттіліктеріне пайдаланғаны дәлелденген.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал келтірілген материалдық шығын өндірілді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар