Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікПавлодар облысында алаяқтардың қармағына түкен Ақсу қаласының тұрғыны 15 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жәбірленушінің айтуынша, WhatsApp мессенджері арқылы өзімен бірге жұмыс істейтін зауыттың кәсіподақ комитетінің төрағасынан хабарлама келген. Онда белгісіз адамдар оның атыма несие рәсімдегені жазылған.
Бір минуттан кейін маған Ұлттық банктің қызметкерлері қоңырау шалып, қолма-қол ақшаны қамтамасыз ету үшін оларды шұғыл түрде алып, шоттарға аударуым керек деп сендірді. Мен олардың айтулары бойынша екі банктің депозитінен ақшаны алып, сондай-ақ басқа банктен несие рәсімдеп, берілген түрлі шоттарға аудардым. Барлық талаптарды орындағаннан кейін ғана алаяқтардың қолына түскенімді біліп, бірден полицияға хабарластым, - деді алданған әйел.
Осылайша ақсулық тұрғын әп-сәтте 15 млн 257 мың теңгесінен айырылған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықталуда.
Осы ретте полицейлер ақшаға қатысты кез келген ұсыныстарды сыни тұрғыдан қабылдауды және маңызды қаржылық шешімдер қабылдауға асығыстық танытпауды ескертеді. Сонымен қатар бейтаныс адамдарға жеке деректеріңізді, соның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін айтпаңыз немесе жібермеңіз.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер