Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекІшкі істер министрлігі алаяқтардың ең жиі пайдаланатын 10 айласын атады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Ақшаңызды сақтау үшін оны басқа шотқа аударыңыз немесе депозиттен шешіп, басқа шотқа салыңыз».
Жалған қауіп тудырып, адамды шатастырады.
«Сізбен тергеуші немесе ІІМ, ҰҚК қызметкері сөйлесіп тұр. Тұтқаны қоймаңыз».
Жалған беделге сүйеніп, қысым жасайды.
«Бұл қоңырау туралы ешкімге айтпаңыз – құпия операция жүргізіліп жатыр».
Жәбірленушіні оқшаулап, кеңес алуына кедергі жасайды.
«Кілт сөзді өзгертуге өтінім түсті».
Шотқа қолжетімділікті жоғалтасыз деген ой салады.
«Мен байланыс операторының қауіпсіздік қызметіненмін. Қазір сізге код келеді, соны айтып жіберіңіз».
SIM-картаны немесе банк жүйесін ұрлау үшін қолданылады.
Депозиттегі қаражатты банк шотына аудару қажет».
Ақшаны өз шоттарына аудартады.
«Бұл – ұлттық қауіпсіздік қызметкері. Қай банкте шоттарыңыз барын айтыңыз. Карта мен депозитті дереу бұғаттау үшін деректеріңізді беріңіз».
Барлық мәліметтерді жинап, кейін ақша ұрлайды.
Жақыныңыз қиын жағдайға түсті (ЖКО, полиция, аурухана). Шұғыл ақша жіберу керек».
Эмоцияға беріліп, уақытпен қысады.
«Сіз сыйлық/өтемақы ұтып алдыңыз! Оны алу үшін салықты немесе жеткізу ақысын төлеуіңіз керек».
Жалған пайда ұсынып, ақша бопсалайды.
«Шотыңыздан ақша шешуге әрекет жасалды. Операцияны тоқтату үшін SMS-кодты айтыңыз».
Құпия кодты алдап алады.
Мұндай қоңыраулардың мақсаты:
Кеңес:
Ешқашан CVV, PIN, картаның толық деректерін, SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз! Полиция, банк немесе байланыс операторлары ақша немесе код сұрамайды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?