20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен полиция интернационалдық алаяқтар тобының жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
4 адамнан тұратын топ, шетелдік азаматтармен бірлесе отырып, біздің облыстың жүзден астам тұрғынын алдаған, олар 100 миллион теңгеден астам шығынға ұшыраған. Қылмыстық ниеттеріне қол жеткізу үшін олар әртүрлі алдау схемалары мен заманауи технологияларды, яғни қашықтан қол жеткізу қолданбаларын (AnyDesk, Kenguru, Teamviewer) және тағы басқа пайдаланды.
Топтың өзінің «Қолма-қол ақша шешу орталығы» бар, ол дропперлерді пайдаланып, қаражатты криптовалютаға аударып отырылған. Олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде 35 ұялы телефон, 3 жүйелік блок, 3 ноутбук, 2 пневматикалық тапанша және қымбат нөмірлері бар 3 люкс көлік тәркіленді.
Топтың 4 мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыс жасағаны үшін күдіктілер мүлкін тәркілей отырып, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін.
Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарға алаяқтықтың құрбаны болмауды, басқа тұлғаларға жеке деректерді немесе банк шотының мәліметтерін беруден бас тартуы керектігін ескертеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?