Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМемлекет атынан мессенджерлер арқылы жеке құжаттардың көшірмелерін сұрай бастаған алаяқтар жиілеп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Осыған орай Мемлекеттік кірістер органдары мәлімдеме жасады. Олар салық төлеушілердің атына мұндай хабарламалар жібермейтінін жеткізді.
Бейресми дереккөздерге қырағы болуыңызды сұраймыз, өйткені құжаттар одан әрі алаяқтық мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ тіркелген, есептен шығарылған жеке кәсіп туралы ақпарат Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz деген интернет-порталында орналастырылғанын, - деп ескертті комитет.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама жасау тәртібіне ауыстырылғанын айта кетейік. Жеке тұлға мемлекеттік кіріс органына ЖК ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама ұсынады.
ЖК ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама электрондық тәсілмен – Қазақстан Республикасының «Е-license» электрондық лицензиялау порталы арқылы және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы жіберіледі. ЖК ретінде тіркелгенін растайтын құжат «Хабарламалар тарихы» бөлімінде «Е-license» жеке кабинетінде қолжетімді ЖК ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама. Бұл ретте «Е-license» жеке кабинетіне кіру үшін жеке тұлғаның электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы сәйкестендіру қажет екенін хабарлаймыз, - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер