Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖыл басынан бері алаяқтық жасау үшін пайдаланылған 57 sim-box құрылғысы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, әртүрлі ұялы операторлардың 38 мыңнан астам тіркелмеген sim-картасы тәркіленді.
Астанада шетелдік азамат ұсталды. Ол ел аумағында алаяқтық жасау үшін желіге қосылған sim-box құрылғысын автокөлікпен тасымалдаған. Тінту барысында 128 слоты бар екі sim-box, қазақстандық ұялы операторлардың 19 sim-картасы және компьютерлік техника тәркіленді. Сондай-ақ заңсыз ұялы байланысқа қатысы бар елордалық екі тұрғын ұсталды. Тінту барысында екі sim-box және компьютерлік техника тәркіленді. Аталған құрылғыларды заңсыз сақтағаны және пайдаланғаны үшін Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды, - делінген мәліметте.
Күдіктілер қылмыстық схемалар арқылы апта сайын мың долларға жуық криптовалютамен заңсыз табыс тапқаны анықталды. Барлық күдікті адамдар қамауға алынды.
ІІМ азаматтарды мұқият болуға және күмәнді ұсыныстар туралы полицияға дереу хабарлауға шақырады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді