Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы атынан жалған аккаунттар анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік желілерде агенттік басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар мен парақшалар құрған алаяқтар туралы тағы да ескертеді.
Facebook әлеуметтік желісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидің атынан жалған парақша ашылу жағдайы тіркелді (жалған парақшаның сілтемесі: https://www.facebook.com/profile.php?id=61569342687027). Бұл төрағаның жеке парақшасы емес екенін ескертеміз, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта мұндай жалған парақшаны бұғаттау жұмыстары жүргізілуде.
Facebook пен Instagram-дағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының ресми парақшасы келесі сілтемелер бойынша қолжетімді: https://www.facebook.com/ashatzhumagali, https://www.instagram.com/askhatzhumagali79?igsh=OXV6Y3Z1dThjcDc3.
Антикор күдікті мазмұнды тарататын парақшалар мен аккаунттар анықталған жағдайда, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұрайды.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді