Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлаяқ тұрғындардан 86 млн теңгеге жуық қаражатты иемденіп, бәс тігіп ұтылып қалды, – деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облыстық полиция департаментіне қала тұрғынынан арыз түскен. Жәбірленуші компьютер құралдары үшін тиімді бағаға тендер болып жатқанын біліп, алаяқтың есепшотына 41 миллион 500 мың теңге ақша аударған. Ақшаны алғаннан кейін, серіктес боламын деген адам байланысқа шықпай, барлық байланыс нөмірлерін өшіріп тастаған. Алданғанын түсінген, жәбірленуші бірден полицияға хабарласқан. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті алаяқтың жеке басын анықтады.
Ол 23 жастағы Қарағандыдағы мекемелердің бірінің заңгері екені белгілі болды. Ол жәбірленушіні алдағаны туралы толық мойындады. Жәбірленушіден алған ақшаларды күдікті букмекерлік кеңседе ақша тігуге салып жіберген, – дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің осыған ұқсас 12 қылмысқа қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 86 миллион 400 мың теңгені құрап отыр.
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер