Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШымкенттің 27 жастағы тұрғыны алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Ол мектеп мұғалімі болу үшін миллион теңге берген.
Өзінің алданғанын түсінген азаматша полицейге жүгінді. Жәбірленушінің сөзінше, аз ғана уақыт таныған әйел оған білім ордаларының біріне жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде етіп, миллион теңге сұрапты. Бұл жайтты Тұран АПБ тергеушілері СДТБТ-не ҚК-нің 190-бабымен тіркеді. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларына дереу кірісіп, нәтижесінде 36 жастағы күдікті тұрғылықты жері бойынша ұстады.
Тергеу барысында әйелдің басқа да ұқсас қылмысқа қатысы бар екені анықталып отыр. Ол бір азаматшаны «мемлекеттік бағдарламамен кезексіз пәтер мен бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант алып беремін» деп, 1,5 миллион теңгеге алдап кеткен.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижесінмен іс бойынша процестік шешім қабылданады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер