19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Түркістан облысында кәсіпкерлерге субсидия алуға көмектесемін деп 5 млн теңге алып, хабар-ошарсыз кеткен алаяқ әйел ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Департаменттің мәліметінше, Жетісай аудандық полиция бөліміне үш кәсіпкер хабарласқан. Олар танысы бизнесті дамытуға мемлекеттен тегін субсидия алуға көмектесуге уәде беріп, ақшаны алып тайып тұрғанын айтып шағымданған.
Ол әрбір жәбірленушіден қомақты ақша алған, бірақ уәдесін орындамай, хабар-ошарсыз кеткен, – деді полиция департаментінен.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асқан. Полиция ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті табылып, қамауға алынды.
Белгілі болғандай, әйелдің субсидия алу ойында да болмаған, ал кәсіпкерлерден алған ақшасын несиесін өтеуге жұмсаған. Күдікті қамауға алынып, іс сотқа жіберілді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары