20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚаскүнем танымал «OLX» интернет-платформасында жалған мәліметтер мен фотосуреттерді көрсете отырып, жоқ жиһазды сату туралы «фейк» хабарландырулар орналастырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, жәбірленушілердің бірі сотталғанның 50 мың теңгелік диван сатқаны туралы жалған хабарландыруына қызығушылық танытып, оның дұрыстығына көз жеткізбей және диванды жеке өзі көрмей, алдын ала төлем жасап, кінәлінің абоненттік нөмірінің балансын 40 мың теңгеге толықтырған.
Көрсетілген соманы иемденіп алғаннан кейін, сотталған байланысқа шығуды тоқтатқан. Қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жалпы сомасы 2 млн теңгеден асатын 40-тан астам жәбірленуші зардап шеккен, - делінген мәліметте.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, барлық жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеді.
Сот үкімімен кінәлі жас баланың болуына байланысты жазасын кейінге қалдыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?