29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Жалған генерал бұрын сотталған адамды пара беруге итермелеген, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.
Осы жылы 20 шілдеде Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен өзін әскери генерал деп таныстырған А. Әмрин жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
– Әмрин ысырап ету фактісі бойынша сотталушыны Семей гарнизонының Әскери сотының ақтау үкімін шығаруға сот жүйесінің лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды. Бұрын сотталған тиісінше пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, үкімдердің жиынтығын ескере отырып, сот оған орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге 8 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – делінген Антикор хабарламасында.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек