20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПродюсер Гүлзира Айдарбекова халықты Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ақжарма тілегін арнаған танымал продюсер желтоқсан оқиғасы кезінде басынан өткергендерін де еске алды.
Көк туымыз бүкіл әлемде көкке көтеріле берсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, төрт көзіміз түгел болсын! Бүгін Алла бұйыртса Америка елінде қазақ қандастарымызбен бірге бас қосатын боламыз. Осы көтеріліс кезінде Алматыға келгеніме бір жыл ғана болып еді. Жаныма қыздарды алып, басынан аяғына дейін бәріне өзім куә болғанмын, - деп жазды Айдарбекова.
Ол кез жастық шақ, нағыз қызу қанды кезіміз еді дейді ол.
Түсіп қалған суретпен де ұл-қыздарды қамап жатыр деген соң бәрі біткен кезінде де көтеріліс кезіндегі студенттердің қаза болғаны көз алдыма елестеп ұйықтай алмай жылай берген мені көріп, анашым 1 айға ауылға алып кеткен болатын. Қаншама жастарымыз қыршыннан қиылды десеңізші. Мені де тура алаңда құлап жатқан жерімнен қазақ жігіттері, жүгіріп қашып бара жатып қолымнан демеп тұрғызып қашырып үлгертті. Ел үшін қанын төккен бауырларымыздың жандары жаннатта болсын, – деді продюсер.
Әлеуметтік желіде оқырмандары ақ тілектерін арнап, қорықпай алаңға шыққан ерлігіне сүйсініп жатыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?