28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЖетісу облысында Алакөлге апаратын жолдарда қозғалыс ашық, асфальт төселді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алакөл көліне оңтүстік жағынан бару үшін «Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолынан Жетісу облысындағы Үшарал кентіне жетіп, содан кейін іргелес жатқан «Үшарал-Достық» жолына өту қажет. Көл жағасымен Жетісу облысының Достық ауылына қарай өтетін бұл учаскенің ұзындығы 180 шақырымды құрап отыр.
Ал «Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолынан Алакөлдің солтүстік жағалауына бару үшін республикалық маңызы бар «Таскескен – Бақты» автомобиль жолына өту керек. Ұзындығы 133 шақырымды құрайтын бұл учаске Абай облысының Мақаншы ауылына апарады. Одан әрі Мақаншы ауылынан көлге жету үшін облыстық маңызы бар «Мақаншы – Жалаңашкөл» автомобиль жолымен жүруге болады.
Айта кетерлігі, Алакөл көліне жолаушылар республикалық маңызы бар «Талдықорған – Өскемен» автомобиль жолы арқылы қатынайды. Ұзындығы 768 шақырым жолға толығымен асфальт төселген.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?