Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАбай облысында Алакөлді дамытуға арналған жаңа Бас жоспардың тұжырымдамасы таныстырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Әнуар Бейсеновтің айтуынша, Алакөл туристік аймағын кешенді түрде дамыту мақсатында арнайы Бас жоспар әзірленіп жатыр.
Қазіргі таңда көл жағасында 300 гектарға жуық жағажай аймағы бар. Жоспар аясында бұл аумақты ұлғайту көзделуде. Жағажайда жүргізілген зерттеу нәтижесінде оң жағалаудың сазды жерде орналасқаны анықталды. Сондықтан сол жағалауды ұзарту жоспарланып отыр.
Жаңа бас жоспарды дайындау барысында Түркия мен Мысырдың жағажай инфрақұрылымын дамыту үлгілері, әлемдік тәжірибе негізге алынбақ. Стандарттарға сәйкес су шетінен 100 метр қашықтықта құм жабыны ғана болуы тиіс.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер