Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлакөл жағасынан күн сайын 10 тонна қоқыс шығарылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Коммуналдық қызмет мамандары көл жағасын таңғы сағат 05:00-ден кешкі 22:00-ге дейін тазалайды. Жағалаудың ұзындығы – 3,8 шақырым. Жазғы туристік маусымда көл жағалауында санитарлық тазарту жұмыстарымен Үржар ауданы әкімдігінің «Мақаншы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айналысады. 30-ға жуық жұмысшы жағалау мен арбатты күніне 3 рет, тротуарлар, автомобиль жолдарының жиектерін 1 рет қоқыстан, тұрмыстық қалдықтардан тазартады.
Сонымен қатар жағалаудағы санитарлық тазалықты сақтау мақсатымен жаңадан қосымша 200 дана қоқыс жәшігі алынды. Бұдан бөлек, жағалау мен арбатқа тағы 40 қоқыс жәшігі қойылған. Көл жағасынан күніне шамамен 10 тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылады.
Абай облысының ең танымал туристік орны Алакөлдің жағасында күніне 15-20 мың адам демалады. Былтыр бір маусымда шипалы суға түскен туристер саны 1 миллионнан асқан. Ал биыл еліміз бен алыс-жақын шетелдерден келетін демалушылардың саны былтырғы көрсеткіштен де асады деген болжам бар, - деп жазды Абай облысы әкімдігінен.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?