23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлакөлде моторлы қайық, тормен жүріп, заңсыз аулаған балықтарымен браконьер ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жетісу полицейлері өңірдің балық шаруашылығы инспекторларымен бірлесіп, Алакөл көлінде браконьерлікпен айналысқан 44 жастағы ер адамды ұстады. Ол көрші Абай облысының тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары 30 келі заңсыз ауланған көксерке балығын тәркіледі
«Мемлекетке келтірілген залал 400 мың теңгеден асады. Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабында көзделген қылмыстық іс қозғалды (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу), заттай айғақ ретінде дараталшық тор мен моторлы қайық іске қоса тіркелді», – деді табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.
Балық сату үшін қабылдау пунктіне өткізіліп, жиналған қаражат мемлекет кірісіне тапсырылады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады