20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКезінде «Шаншар» әзіл-оспақ театрының арқасында жұлдызы жанған актриса Жұлдызай Дүйсенбиева 8 жыл бірге отасқан күйеуімен ажырасқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Актриса соңғы кездері жиі ауырып жүргенін айтқан еді.
8 жылдан аса жаман келін болмадым, қолымнан келгенше тырыстым. Атам марқұм батасын беріп, «ризамын» деп көз жұмды. Атам керемет жан еді. Әттең, өмірден ерте кетті. Ол кісі барда қыз – төрде, келін – қызметте болып, бәрі өз орнымен жүретін. Ал қазір бәрі басқаша. Үлкен әжеміздің көзін көрмесем де түсіме еніп, орамал салып батасын о баста берген, -дейді Жұлдызай Дүйсенбиева.
Ол күйеуімен денсаулығына байланысты ажырасқан. Өйткені енді дүниеге сәби әкеле алмайды. Қазір бір қызы бар.
Күйеуіме өкпем жоқ, өте жақсы азамат, жақсы әке. Бірақ бұл өмір жан-жағымыздағы әңгімелер шыдатпады. Мен денсаулығыма байланысты Аянаттан басқа перзент өмірге әкеле алмадым. Осы қызыма шүкір дедім, Алла ғұмыр берсін. Сондықтан әркім бақытты болуға лайықты. Екеуіміз де бақытқа лайықпыз, - деді актриса.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?