10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҰлытау облысы әкімдігі өңірде жанар-жағар май тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда облыс бойынша 2100 тоннадан астам отын (АИ - 92, АИ - 95, ДО) қоры бар. Оның 1610 тоннасы Жезқазған қаласында. Сонымен қатар, Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 80 тоннаға жуық газ қоры бар, бағасында өзгеріс жоқ.
Жанармай қоры жеткілікті және сатуда шектеу жоқ екенін хабарлаймыз. Ресми ақпарат көздеріне сенім артуларыңызды, қолдан дүрбелең тудырмауды сұраймыз. Жезқазған қаласындағы бір бекетте орын алған өртке қарамастан, жағдай тұрақты және бұл оқиға ешқандай тапшылыққа әкелген жоқ. Тиісті органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр және қажетті шаралар қабылданды,-делінген хабарламада.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді