Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКәсіпкерден 50 млн теңге иеленген алаяқ сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өскемен қаласының соты алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан А.Әбдірахмановқа қатысты үкім шығарды.
Антикор мәліметінше, ол өзін облыс әкімінің орынбасары ретінде таныстырып, су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсету мақсатында өңірдің ірі кәсіпкерлеріне қоңырау шалған.
Сотталушы бизнес субъектісіне одан әрі жеңілдіктер мен преференциялар беру сылтауымен кәсіпкердің 50 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен бұрын шығарылған жазаны қосу арқылы оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген мәліметте.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді