Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстандық танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы тұңғыш баласына ерекше сыйлық табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тележүргізуші ұлын туған күнімен құттықтап, марқұм әкесі Қайрат Беркінбаевтің сағатын тарту еткен видеосын әлеуметтік желіде жариялады.
Сакошым! Маған алғаш ана бақытын сыйлаған жарығым. Саған тілер тілегім аналық жүрегімде... Құдайдан сұрарым тек денсаулық. Қалғанына өзіңнің ақылың мен еңбегің екі жақтап жеткізер, бұйырса! Әкеңнен дарыған даналық сені биікке шығаратынына сенемін, менің ең жақын досым, ақылшым. Жасың 17-ге келді. Сен үлкен өмірге аяқ басқалы тұрсың. Достарыңның арасында осылай ойнап, күліп жүре бер. Ешқашан ауырма. Білімді, саналы, иманды бол. Әкесі екеуіміз қатты армандайтынбыз, өзі де армандайтын. «Әкемнің осы сағатын таққым келеді» деп айтатын. Әкеңнің көзі ретінде тағып жүр, - деді ол.
Еске сала кетсек, Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркінбаевтің қайтыс болғаны туралы ақпарат 2022 жылдың 6 қараша күні тараған еді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады