30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыAir India AI171 ұшағының екі қара жәшігі де табылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ал жексенбі күні Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің бас хатшысы Прамод Кумар Мишра борттық жазу құрылғысы мен ұшқыштар кабинасындағы әңгімелердің жазбасы табылғанын мәлімдеді.
The Economic Times газетінің дерегінше, бұл жазбаларды толық ашу төрт-бес күнге созылуы мүмкін.
Басылым дерегі бойынша, алғашқы «қара жәшік» жұма күні Ахмедабадта Air India AI-171 рейсі құлаған орынның маңындағы ғимараттың шатырынан табылған.
Бірнеше халықаралық сарапшылар тобы Үндістанның авиациялық оқиғаларды зерттеу бюросына апаттың нақты себебін анықтауға көмектесу үшін Ахмедабадқа келген.
Есеп үш ай ішінде жарияланады, – делінген жарияланымда.
Борттық жазу құрылғылары тергеушілерге апатқа дейінгі оқиғалардың секунд сайынғы хронологиясын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Олар ұшқыштар кабинасында және ұшақ жүйелерінде нақты не болғанын объективті түрде көрсетеді.
Айта кетейік, Ахмедабадтан Лондонға ұшып шыққан әуе кемесі көп ұзамай апат болып, ұшақ студенттер жатақханасына құлаған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды