Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚызылорда қалалық сотына «Air Astana» АҚ шамамен 23 миллион теңге көлеміндегі залалды өтеу туралы талап арыз бергені белгілі болды. Бұл мәліметті соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға Астана - Алматы бағытымен ұшқан әуе кемесі жерге қонып, трап қойылғанша күтіп тұрған сәтте болған. Сол кезде жолаушы апатты шығу есігін рұқсатсыз ашып жіберген.
Хабарламада көрсетілгендей, апатты есіктер тек экипаж нұсқауы немесе нақты төтенше жағдай кезінде ғана пайдаланылуы тиіс. Есіктің ашылуы салдарынан үрлемелі эвакуациялық трап іске қосылып, ол жарамсыз болып қалған. Әуе компаниясы трапты ауыстыруға 22 995 936 теңге шығындалғанын мәлімдеген.
Сот тараптарына дауды медиация тәртібімен шешу мүмкіндігін түсіндіріп, келісімге келу үшін уақыт берген. Белгіленген мерзімде тараптар мәмілеге келіп, медиациялық келісімді бекітуді сұраған. Келісімге сәйкес, жауапкер 6 698 426 теңге өтемақыны 2025 жылдың 20 қарашасына дейін төлеуге міндеттелді. Өз кезегінде компания бастапқы талап - 22 995 936 теңгені өндіруден бас тартты.
Соттың ұйғарымымен медиациялық келісім заңды күшіне еніп, іс жүргізу тоқтатылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді