20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «ProTenge» телеграм-арнасының бас редакторы Жәмила Маричева мен журналист Асхат Ниязовқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі өз құзыреті шегінде медиа-кеңістікте мониторинг жүргізу барысында «ProTenge» телеграм-арнасында ақпарат таралу фактісін анықтады (оны А.Ниязов репост жасаған). Алайда, кейін оны мемлекеттік органдар теріске шығарды.
Бұл материал дәйексіз деп танылуы мүмкін басқа материалдармен бірге баға беру және тиісті әрекет ету үшін ішкі істер органдарына жіберілді.
Жалған ақпарат таратуға байланысты фактілер бойынша одан әрі құқықтық баға беру, тиісті шаралар қабылдау ішкі істер органдарының құзыретіне жатады. Қазіргі уақытта іс материалдары әкімшілік сотқа жіберілді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің полиция қызметкерлері әрекетінің заңдылығы мен негізділігін бағалауға құқығы жоқ.
Бұл «МАМ берген арыздар» деп хабарлау дұрыс емес, мұндай мәлімдемелер шындыққа жанаспайды.
Жалпы, министрлік бұқаралық ақпарат құралдарының құқының бұзылуына жол бермеу ұстанымын ұдайы ұстанады. Сондай-ақ журналистерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбаған жағдайда әрдайым қорғауға дайын.
БАҚ пен азаматтарды жалған және тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырамыз», – деді министр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?