Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекМәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жалпыұлттық референдумда өз дауысын берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр елордадағы Ұлттық академиялық кітапханадағы 164- ші сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Мемлекеттің барлық қадамы ең бірінші еліміздің тұрақты дамуы, оданткейін халқымыздың әл-ауқатының жоғары болуына бағытталған. Сондықтан АЭС-тың салыну мәселесі саяси мәселе емес болса да, бұл экономикалық тұрғыдағы мәселе. Бұл ертеңгі еліміздің дамуына бірден-бір ықпал ететін мәселе. Осы мәселеде ең бастысы халқымыздың дауысы маңызды. Өйткені қоғамда әртүрлі пікірлер болғаннан кейін мемлекет осы референдумды жасауға қадам басты, - деді ол.
Министрдің сөзінше, бүгінгі референдумда елдің болашағына жауапты адамдардың барлығы сайлау учаскелеріне келіп жатыр.
Мен де осы елдің азаматы ретінде өз дауысымды бердім. Меніңше ауыл тұрғындары болсын, қала тұрғындары болсын, жалпы азаматтар белсенді дауыс беріп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарынан шет елдегі азаматтарымыздың да белсенділігін көріп жатырмыз. Үлкен ауылының адамдары да осы науқанға қатысып, белсенді дауыстарын беруде. Сондықтан бұл біз үшін өте маңызды, тағдыр кешті мәселе. Әр адам оған немқұрайлы қарамай, өзінің дауысын беруі керек, - деді Балаева.
Айта кетейік, дәл осы сайлау учаскесінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев та өз дауысын берді.
Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгiн, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?Кеше, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырдыКеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес