20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтау қаласына Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы мәртебесін беру аясындағы ресми бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі халықаралық мәдени ұйымдар мен түркі елдерінің ведомстволары өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевпен өткен әңгіме барысында Ақтаудың Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде таңдалуының символдық мәніне ерекше назар аударылды. Сұлтан Раев министрді осы маңызды оқиғамен құттықтап, бұл мәртебенің маңызы тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл түркі елдері үшін аса жоғары екеніне тоқталды. Тараптар түркі әлемі елдері арасындағы мәдениет пен рухани мұра саласындағы диалогты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.
Түркі академиясының президенті Шахин Маджидоғлы Мустафаевпен кездесу барысында ғылыми және тарихи-мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, түркі өркениеті үшін ерекше маңызға ие ежелгі Сарайшық қалашығының аумағында археологиялық және этнографиялық симпозиум ұйымдастыру мәселесі қарастырылды.
Венгрия үкіметінің комиссары Петер Хоппалмен өткен кездесуде Қазақстан мен Венгрия арасындағы мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері сөз болды. Атап айтқанда, мәдени іс-шараларға (фестивальдер, концерттер, көрмелер және білім беру бағдарламалары) шығармашылық ұжымдардың қатысуы мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, екі ел музейлері арасында экспозициялармен алмасу және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру арқылы ынтымақтастық орнату жайы да назардан тыс қалған жоқ.
Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мамбеталиевпен өткен кездесу барысында тараптар екіжақты мәдени және ақпараттық ынтымақтастықты жандандыруға деген ниетін растады. Атап айтқанда, қырғызстандық әртістер мен мәдениет қайраткерлерінің халықаралық фестивальдерге, театр қойылымдары мен өзге де мәдени іс-шараларға қатысу жоспары нақты талқыланды.
Кездесулер сенім мен өзара түсіністік рухында өтіп, түркі әлемінің бай мұрасын бірлесіп насихаттау, мәдени байланыстарды нығайту мен халықаралық серіктестікті дамыту жолындағы ортақ ұмтылыстың айқын көрінісіне айналды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?