7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жітіқарада 5 баланың өліміне алып келген өрттің себебін атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құмар Ақсақаловтың айтуынша, үйдің түлкен баласы таңғы 4-тер шамасында пеш жақпақ болып, ағашпен бірге бөтелке салып жіберген.
Өрт себебі бұған дейін де айтылып жүрген. Балалар сол күні үйде жалғыз қалған. Үйдің үлкен баласы таңғы 04:00 шамасында оянып, пеш жақпақ болған көрінеді. Сол кезде ағашпен бірге бөтелке салып жіберген. Салдарынан жарылыс орын алды. Бала далаға жүгіріп шыққан, қайтып келгенде қайғылы жағдай орын алып отыр. Сол күні Жітіқараға барып, көз жұмған балалардың анасы және әжесімен кездестік. Екі күннен кейін Жітіқара ауданының демеушілерімен келісіп, барлық техникасы бар екі бөлмелі пәтер алып бердік. Қазір сол жерде тұрып жатыр. Сондай-ақ психологиялық көмек көрсетілді, – деді облыс басшысы.
Әкім тұрғындарға үндеу жасап, пешті дер кезінде тексеріп отыруды сұрады.
Жылыту маусымы алдында төтенше жағдайлар департаменті әлеуметтік оса топ пен көпбалалы аналар тұратын үйлерді аралайды. Мұржалар мен пештің жағдайын тексеріп, не істеу керегін айтады. Сосын көмір қышқыл газын бақылайтын датчик орнатылады. Бұл датчиктер бірнеше адамға көмектесті, осындай жағдайлар орын алған. Бірақ дер кезінде далаға шығып, азаматтар өртті сөндіріп үлгерген. Ал Жітіқарадағы жағдайда датчиктер өшіп тұрған екен. Сондықтан тұрғындарға айтарым, пештің жағдайын тексеріп отыру керек, мұржаны тазалап, датчиктердің жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз, – дейді ол.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?