10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШҚО-да мас бұзақы полицейдің арқасынан ағаш таяқпен үш рет, басынан бір рет ұрған. Учаскелік инспектордың денсаулығына орташа зиян келтірілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкеріне шабуыл жасаған Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын сот 6 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған дейін Зайсан ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны азаматтық жұбайының оған күш қолданып, қоқан-лоқы көрсеткені туралы арызбен жүгінген. Ақпаратты алғаннан кейін учаскелік полиция инспекторы мән-жайды анықтау үшін аталған мекенжайға келген.
Осы кезде жәбірленушінің бұрын сотталған 29 жастағы азаматтық күйеуі қайтадан қамауға алады деп қорқып, күшпен қарсылық көрсеткен. Полицейдің заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талабын масаң күйдегі ауыл тұрғыны елемеген, бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескерткеннен кейін, ер адам заң қызметкеріне қол жұмсап, оны ағаш таяқпен үш рет арқасынан және бір рет басынан ұрған. Ол өзінің іс-әрекетімен учаскелік инспектордың денсаулығына орташа зиян келтірген.
Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 5-бөлігі (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттер) бойынша енгізілді. Тергеу аясында күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденді. Зайсан аудандық соты кінәлі азаматты 6 жылға бас бостандығынан айырды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді