Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікAuezov University студенті Төрехан Сабырхан Астана қаласында өткен бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанып, алтыннан алқа тақты. Бұл тралы аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
63 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы финалда үндістандық Яшвардхан Сингхпен кездесіп, төрешілердің шешімімен Азия чемпионатының алтын жүлдегері атанды.
Жеңіске жету жолында көп еңбектендім. Финалдағы үндістандық қарсыласым осалдық танытқан жоқ. Алайда шапшаңдық пен логиканың арқасында оны жеңіп шықтым. Алдағы уақытта ағам Махмұд Сабырхан сияқты әлем чемпионы болғанша аянбай тер төгемін, – дейді жас спортшы.
Бұған дейін ол алғашқы айналымда ирандық боксшыдан айласын асырып, басым түскен болатын. Ал жартылай финалдық бәсекеде Төрехан Сабырхан иорданиялық Омар Әл Хадидиді жеңді.
21 қазан – 4 қараша аралығында өткен жарыс қорытындысы бойынша Auezov University студенті жастар арасында Азия чемпионатының ең үздік боксшысы атанды. Ал жасөспірімдер арасындағы дәл осындай атақ тағы бір қазақстандық Аяжан Сыдыққа бұйырды.
Жалпыкомандалық есепте отандастарымыз 2-орынға тұрақтады. Топ басында Үндістаннан келген команда болса, көрші өзбек елінің өкілдері үздік үштікті түйіндеді.
Биылғы байрақты бәсекеге 23 мемлекеттен 500-ге жуық қатысушы келді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер