Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіОңтүстік Африкада ақпан айында басталған індеттен қайтыс болғандар саны 31-ге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Гаутенг провинциясында 29 адам, Фри-Стейт және Мпумаланга провинцияларында екі адам қайтыс болған.
Жалпы Оңтүстік Африкада тырысқақ инфекциясының зертханалық расталған 166 жағдайы анықталса, тағы 202-сі дәрігерлердің бақылауында. Билік бұған дейін 22 адам қайтыс болғанын мәлімдеді.
Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса індет ошағына айналған Хамманскраал қаласына барды. Ол билік тырысқақ індетімен күресу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметі бойынша, 43 елде 1 миллиардтан астам адам тырысқақ ауруымен ауырады. Бұл індеттің қаншалықты қауіпті және қай елдерге қауіп төніп тұрғанын мына жерден оқуға болады.
Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады