20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың өңірлерге сапары жалғасуда. Бүгін Шымкентте Штаб мүшелері жас ғалымдармен, студенттермен, зиялы қауым өкілдерімен және кәсіпкерлермен бірқатар кездесу өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне барады, сондай-ақ «Тассай» индустриялық аймағындағы өндірістік кәсіпорындардың ұжымдарымен кездесу өткізеді.
АЭС – ел жастарына жаңа мүмкіндіктер береді. Қазақстандық жоғары оқу орындардың түлектері, әсіресе техникалық мамандық иелері өз қабілет-қарымдарын пайдаланып, атом электр станциясын салу кезінде және ол толық күшіне енген кезде жоғары жалақы төленетін беделді жұмыс орындарына орналаса алады.
Халық арасында ерекше беделге ие зиялы қауым өкілдерінің ел Тәуелсіздігін нығайтуға қажет АЭС-тың барлық артықшылығын түсіндіруге қосылуы маңызды. Бұл қадам алдағы референдумда азаматтардың саналы таңдау жасауына мүмкіндік береді.
АЭС қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа жағдай жасайды. Электр энергияның тұрақты және қолжетімді тарифтері өндірістегі тиімсіз үстеме шығындарды азайтуға ықпал етеді. Ал бұл қадам қаражатты жаңа технологияларды енгізуге, жаңа жұмыс орындарын құруға бағыттауға мүмкіндік береді. Таза жасыл атом энергетикасы 2060 жылы көміртегі салығы енгізілген кезде отандық тауарларымыздың шетелдік нарықта сәтті бәсекелесуіне жағдай жасайды.
Осы туралы Халықтық штаб мүшелері Шымкент қаласының тұрғындарымен әңгімелеседі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?