Кеше, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қазақстанда аэротакси қызметі бірінші Алатау мен Алматы қалаларында қосылады. Көлік министрлігінің хабарлауынша, жауаптылар жүйені зерттеп жатыр.
Kazinform-ның хабарлауынша, аэротакси бойынша «Alatau Advance Air Group Ltd.» жеке компаниясы (AAAG) қалалық әуе мобильдігі (Urban Air Mobility), соның ішінде аэротакси және пилотсыз авиациялық желіні (ПАЖ) қамтитын жүйелерді басқару деңгейіндегі нарықты жан-жақты зерттеп жатыр.
Соған қарай Қазақстан бірнеше модельді зерттеп жатыр. AAAG мәліметтері бойынша, АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия және Қытайдан электрлік тік көтерілетін және қонатын (electric Vertical Take-Off and Landing (eVTOL) aircraft) ұшақтарды өндіретін жетекші өндірушілердің қатысуымен халықаралық тендер өткізген. Нәтижесінде, жобаны іске қосу үшін екі жетекші әлемдік өндіруші таңдалған. Олар – AutoFlight (Қытай) және Joby Aviation (АҚШ).
Аэротаксидің бағасы қанша?
Аэротаксиге негізінен 5-9 5-9 адам отырады. Орта есеппен 1 шақырым қашықтыққа 1 доллар төленеді. Теңгеге шаққанда 488 теңге. Шамамен 3 шақырым жүрсеңіз, 1464 теңге төлейсіз. Осы тұста такси қызметінде бірнеше деңгей барын еске түсірсек, аэротаксидің жолақысы таксидің ең жоғары класындағы бағамен бірдей болады.
Мұндай технологияларды енгізу міндетті түрде экспериментальді құқықтық режим аясында сынақтан өткеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Бұл қауіпсіздік, тиімділік және инфрақұрылымның дайындығы мәселесін алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. Бүгінде халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әуе көлігін реттейтін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар жинағы әзірленді және тиісті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау рәсімдерінен өтіп жатыр, - деген еді Көлік министрлігі
Кеше, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр