29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАдвокат Бурхан Жансейітов құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтіріп, арандату әрекетін ұйымдастыру кезінде қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкеріне қол көтерген. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz
«Кеше Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік басып алумен айналысқан адамдар тобына қатысты тергеу нәтижелерін жариялады. 12 шілдеде осы топтың мүддесін қорғаған адвокат Бурхан Жансейітов күдіктілерге жасырын бақылау жүргізілетіні туралы ақпарат алып, құқық қорғау органының қызметкерлеріне кедергі келтірді. Атап айтқанда, ол мақсатты түрде араңдату әрекетін ұйымдастырды. Б. Жансейітов жедел топтың қызметтік көлігіне тосқауыл болып, автокөліктің алдынғы дөңгелегін тесіп, терезесін сындырмақ болды», - делінген хабарламада.
Агенттік мәліметінше, ол мақсатты түрде қызметкерлермен жанжал туындатуға тырысқан
«Бурхан Жансейітов оқиға орнына келген полиция қызметкерлерінің талаптарына жауап бермеді, агрессия танытты. Сондай-ақ, ол Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкеріне қол көтерді. Б. Жансейітов аталған оқиғаны тергеуге кедергі жасау және жалған қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында ұйымдастырды. Оның жасаған әрекеттері билік органдары мен қоғамдық тәртіпке қарама-қайшы деп танылып, Б. Жансейітов қамауға алынды», - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек