Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот отырысының екінші бөлігінде жәбірленуші тараптың адвокаты Әлия Омарова Нүкенованың мәйітіне жасалған сот-медициналық сараптаманың қорытындысын оқып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нүкенованың өлімінің тікелей себебі - бассүйек-ми жарақаты және қауіпті бассүйек ішілік жарақат пен субдуральді қан құйылу болған, - деді Омарова.
Сараптама қорытындысына сай Нүкенова өзі құлаған кезде оның денесіне залал келмеген.
Одан кейін адвокат Салтанат Нүкенованың қанында алкоголь бар-жоғын тексеру қорытындысын оқыды.
Сараптама бойынша зәрде 1,82 ‰, қанда 0,31 ‰ анықталды. Бұл тірі адамның ағзасына алкогольдің аз әсері ретінде бағаланады. Қандағы этил спиртінің шамалы болуына байланысты бұл жағдай жеңіл алкогольдік мастану ретінде де қарастырылмайды. Осыған байланысты оны ағзадағы қандай да бір патологиялық жағдайдың ағымына әсер ететін маңызды фактор деп санауға болмайды, - деді Әлия Омарова.
Бұған дейінгі өткен сот отырысында Бишімбаев оқиға болған күнгі жағдайды баяндап берді. Сөзінше, Салтанат Нүкенова мас болған және әжетханада құлап қатты соққы алған. Сондай-ақ екеуі сөйлесіп тұрған кезде Бишімбаев «қалағаныңды істе» деген оймен Салтанатты ашуланып жібере салған. Салдарынан ол жерге құлаған. Ауыр соққылардан соң Салтанат өзін жайсыз сезінгенде Бишімбаев балгерге хабарласқан.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?