7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман ерлер мен әйелдер боксына қатысты көзқарас әртүрлі деп санайды. Бұл туралы ол El Sport YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әйелдер боксы әлемде енді ғана қарқын алып жатыр. Алдағы бес жылда ерлермен қатар сыйақы алатын жағдайға жетіп, ерлердің деңгейімен бірдей жұлдыздар шығатын болар. Әйтпесе теңсіздік қазір де бар. Тіпті біздің елде де солай. Жарыстан табысты оралған ұлдарға пәтер мен көлік беріп жатса, қыздарға ақшалай сыйақы ғана берумен шектеледі, - дейді боксшы қыз.
Оның сөзінше, қыздардың еңбегі лайықты бағаланбайды.
Боксшы қыздарымыздың еңбегі дұрыс бағаланбай жатыр. Әйтпесе бірдей жаттығу жасайды, бірдей еңбек етеді, теңдей жекпе-жектер өткізеді, бірақ бағалануы әртүрлі. Болашақта осы мәселе оң шешімін табады деп сенемін, - дейді Балауса.
Ол Ливерпульдегі әлем чемпионатын да мысалға келтірді.
Қыздар боксы эмоцияға толы дейді. Жұмыс істейтін тұстар бар, бірақ Ливерпульдегі әлем чемпионатында қыздардың деңгейі кәдімгідей өскені анық байқалды. Ұлдармен тең бокстаспа, кем бокстасқан жоқ, - деді ол.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?