Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары23 тамызда Қазақстанда алғаш рет бірпалаталы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтті.
Саяси додаға жеті партия қатысып, сайлауалды науқан барысында өз бағдарламалары мен бастамаларын ұсынды.
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлауалды науқан кезінде партия өкілдері еліміздің әр өңірін аралап, тұрғындармен кездескенін атап өтті. Оның айтуынша, кездесулер барысында айтылған ұсыныс-пікірлер партияның алдағы жұмысында ескерілмек.
Сайлауалды науқан кезінде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестік. Әр кездесуде халықтың мұң-мұқтажын, ойы мен ұсынысын өз аузынан естідік. Айтылған әр пікір біз үшін маңызды, олардың барлығы алдағы жұмысымызда ескеріледі. Бұл сайлау ашық, әділ әрі айқын өтті. Саяси партиялар арасында шынайы бәсекелестік болды. Сіздердің сенімдеріңіз біз үшін үлкен жауапкершілік. Біз халықтың үмітін ақтау үшін аянбай еңбек етеміз. Бізге сеніп, «Әділет» партиясын қолдаған әр азаматқа шын жүректен алғыс айтамыз! – деді Айбек Дәдебай.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек