Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыФутболдан қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің ресейлік «Ахмат» клубын да қатар жаттықтырып жүргені белгілі. Сондықтан соңғы уақытта Адиевтің құрамадан кетуі мүмкін екені жиі айтылады бастады. Ал бұл сұрақтың жауабын Қазақстан футбол федерациясы президенті Әділет Барменқұлов берді. Ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында бас бапкердің болашағына қатысты шешімін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
– «Ахмат» ФК Магомед Адиев жақсы нәтиже көрсеткен жағдайда, келісімшартты ұзартуға дайын екенін мәлімдеді. Бұған қатысты қандай шешім қабылданады?
– Клуб басшылығының бұл жөнінде маған хабарласқаны құпия емес. Магомед Мұсаұлы 1 маусым еңбек демалысы кезінде қайда болатынын өзі шешеді. Бұл туралы өзара келісіміміз болды. Магомед Мұсаұлы туған клубына көмектесемін деп дұрыс шешім қабылдады. Қазіргі уақытта екі жақты қатар алып жүру бойынша келіссөз жүріп жатыр. Барлық тараптың да көңілінен шығатын шешім қабылдануы керек. Егер ұлттық құрамаға кері әсерін тигізетін болса, басқа шешімді қарастырамыз, – деді Барменқұлов.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді