Бүгiн, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Қазақстанда фильмдерді прокатқа шығаруға дейінгі сараптамадан өткізу тәртібі бекітілді. Енді әр картина прокатқа шығар алдында арнайы комиссияның тексеруінен өтіп, оның мазмұны мен көрермендерге арналған жас санаты бағаланады. Жаңа ереже қандай фильмдердің экранға шығуына әсер етуі мүмкін және комиссия нақты немен айналысады?
Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен тәртіптің негізгі мақсаты – фильмдердегі заңнамаға қайшы келетін контентті анықтау және көрермендердің жас ерекшелігіне сәйкес келетін санатты белгілеу.
Осыған дейін де фильмдер прокат куәлігін алатын, алайда енді бұл үдеріс арнайы сараптамалық комиссияның қатысуымен жүзеге асады. Құқық иелері фильмнің прокатқа арналған нұсқасын ұсынғаннан кейін, оны уәкілетті орган комиссия қарауына жібереді.
Оқи отырыңыз:
Комиссия құрамында кімдер болады?
Сараптамалық комиссия құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерімен қатар заңгерлер, психологтар, кино саласының мамандары мен тәуелсіз сарапшылар кіреді.
Комиссия фильмді толық қарап шығып, оның мазмұнын талдайды, кейін арнайы отырыста талқылап, дауыс беру арқылы қорытынды қабылдайды. Бұл рәсімге 10 жұмыс күніне дейін уақыт беріледі.
Фильмді бағалау кезінде комиссия бірнеше факторды ескереді. Атап айтқанда:
Сарапшылар фильмнің көркемдік сапасын немесе коммерциялық әлеуетін бағаламайды. Сондай-ақ олардың міндетіне фильмнің саяси не идеологиялық бағытына қатысты пікір білдіру де кірмейді.
Қандай фильмдер прокатқа жіберілмеуі мүмкін?
Ережеге сәйкес, егер фильмде конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге шақыру, елдің аумақтық тұтастығын бұзу, мемлекеттік қауіпсіздікке қатер төндіру немесе әлеуметтік, ұлттық, діни алауыздықты қоздыру белгілері болса, комиссия прокат куәлігін бермеуді ұсына алады.
Бұдан бөлек, қатыгездік пен зорлық-зомбылық культін, педофилияны, порнографияны немесе заңда көрсетілген басқа да тыйым салынған мазмұнды насихаттайтын фильмдерге де шектеу қойылуы мүмкін.
Соңғы шешімді кім қабылдайды?
Комиссия тек ұсыным береді. Ал фильмге прокат куәлігін беру немесе бермеу туралы түпкілікті шешімді Мәдениет және ақпарат министрлігі қабылдайды.
Сараптама нәтижелері арнайы хаттамада рәсімделеді. Онда фильмнің атауы, шыққан елі, құқық иесі туралы мәліметтер, қысқаша сипаттамасы, сараптама қорытындысы, жас санаты және комиссияның ұсынымдары көрсетіледі.
Жаңа ережелер комиссия мүшелеріне қосымша жауапкершілік жүктейді. Олар фильмдердің мазмұнын, сценарийлерді және сараптама материалдарын құқық иесінің келісімінсіз тарата алмайды. Құжаттар мен фильм көшірмелері кемінде үш жыл сақталуы тиіс.
Сондай-ақ комиссия мүшесі фильм авторларымен немесе продюсерлерімен байланысты болса, яғни мүдделер қақтығысы туындаса, ол аталған картинаны қарауға қатыстырылмайды.
Мамандардың пікірінше, жаңа тәртіп бір жағынан көрермендерді заңға қайшы контенттен қорғауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан фильмдерді бағалау үдерісін ашық әрі жүйелі етуге бағытталған.
Бүгiн, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін