Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКивиді күнделікті тұтыну ағзасында С дәрумені төмен адамдардың көңіл күйін төрт күнде көтеруі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
British Journal of Nutrition (BJN) басылымының мәліметінше, Отаго университетінің ғалымдары осындай байламға келген.
Сегіз аптаға созылған зерттеуге С дәрумені жетіспеушілігі бар 155 ересек адам қатысқан. Олар күн сайын витамин қоспасын, плацебо қабылдаған немесе екі кивиден жеген. Бұл жеміс төрт күннің ішінде адамдардың көңіл күйін жақсартып, өмірге деген құштарлығын арттырған. Максималды әсер 14-тен 16-ға дейінгі күндерде байқалды.
Ал С дәрумені көңіл күйді аздап көтергенімен, анағұрлым жақсарта алмаған.
Сарапшылардың пікірінше, зерттеу нәтижелері адамдардың психикалық әл-ауқатын қолдаудың тиімді және қолжетімді әдісін көрсетті.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады