29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӘуежай, вокзал және мешіттерге келбетті танитын бейнебақылау камералары қойылған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті жедел басқару орталығының бөлім басшысы Лариса Чирва мәлім етті, деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Біз бұл жобаны жаппай енгізуді біраз уақыттан бері жоспарлап келеміз. Қазір келбетті танитын бейнебақылау камералары пилоттық негізде әуежай, вокзал, жерасты өткелдеріне және мешіттерге қойылды. Дегенмен ол барлық жерде дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ. Бағдарлама жетілдіруді талап етеді», - деді жедел басқару орталығының бөлім басшысы.
Лариса Чирваның мәліметінше, камералар адамның келбетін танып, азамат туралы базада бар барлық ақпаратты көрсетеді.Құрылғы халықаралық немесе ел ішінде іздеу салынған күдіктілерді де анықтауға қауқарлы. Жоба пилоттық кезеңнен өткеннен соң оны толық қолданысқа енгізу жоспарланған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек