10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодардағы сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабардан кейін адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
«Гулливер» сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар бүгін кешкілік түскен. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар қызметінен хабарланды.
3 наурыз күні сағат кешкі 18.02-де Павлодар қаласындағы «Гулливер» сауда үйінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Құқық қорғау органдары адамдарды эвакуациялады, - деп хабарлады департаменттен.
Оқиға орнында қазіргі уақытта өңірлік төтенше жағдай департаментінің 17 маманы мен 3 автокөлік, апаттық медицина орталығының, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді