7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан аумағында онлайн казино қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған тізім Мемлекет басшысының заңсыз құмар ойындарды өткізуді шектеу туралы тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп құрылды.
Тізім қаржылық мониторинг субъектілерінің заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл шеңберінде және өз қызметінде пайдалануы үшін ҚМА порталында орналастырылған. Ол заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыру кезінде қаржы ұйымдарының өнімдері мен қызметтерін пайдалану деңгейін төмендетуге бағытталған, - делінген хабарламада.
Ойынға тәуелділік адам тағдырын бұзатын қауіпті құбылысқа айналады. Бұл проблема отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың туындауына және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға алғышарттар туғызады.
2019-2022 жылдар аралығында 73 жасырын казино жойылып, 2280 ойын терминалы тәркіленді. Биыл Агенттік қызметкерлері 19 заңсыз ойын мекемесін және 111 ойын терминалын анықтады. Қабылданған алдын алу шараларының арқасында соңғы 5 жылда тіркелген істер санының 5,5 есеге төмендеуі байқалады, - делінген ҚМА ақпаратында.
Сонымен қатар, бүгінгі күні Агенттік заңсыз ойын қызметі (онлайн казино) белгілері бар әлеуметтік желілердегі сайттар мен аккаунттарға 3 мыңнан астам сілтемелерін бұғаттаған.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?