20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекВзвод сержанты – жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығының нұсқаушысы аға сержант Мейрамбек Ысқақовты мадақтау рәсімі 68665 әскери бөлімінде өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отан қорғаушының мұндай батыл әрекеті жоғары басшылықтан лайықты бағасын алды. Төтенше жағдайда көрсеткен табанды іс-қимылы үшін Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов оны «Ел қорғаны» медалімен марапаттады.
Құрмет көрсету рәсіміне әскери бөлімнің басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Қорғаныс министрінің атынан әскери қызметшіге ведомстволық награданы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіпов табыс етті.
Әріптесіміздің іс-әрекеті погон таққан адамдардың борышты асқан абыроймен орындауымен ерекшеленетінін және адамдарды құтқару кезінде өзін құрбан етуге дайын екенін көрсетке керек. Біз бүгін қиын сәтте батылдық танытқан батырымызға құрмет көрсетудеміз. Отанына лайықты, батыл ұл тәрбиелеген ата-анасына мың алғыс айтамыз, - деді ол.
Үшінші желтоқсан күні кешке аға сержант Мейрамбек Ысқақов үйдің жанындағы тұрақта жанып жатқан көлікті көрген болатын. Әскери қызметші оқиға туралы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 101 орталығына тез арада хабарлаған.
Көлікке жүгіре жеткен ол салонда қою түтінге тұншығып, есінен танып қалған жүргізуші бар екенін байқаған. Есікті ашқан Мейрамбек зардап шеккен адамды жанып жатқан көліктен шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырды. Жүргізуші № 1 қалалық ауруханаға жатқызылды. Әскери қызметкердің шұғыл әрекеті оқиғаның алдын алуға ықпал етті. Жалынға оранған көлікті сөндіруге сонымен қатар өтіп бара жатқан жүргіншілердің бірі көлікте адамның бар-жоғын тексеріп, көмектескен.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?