Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасуда. Сотта Бишімбаевтың қылмысын жасырды деп айыпталған інісі Бақытжан Байжанов жауап беріп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Бақытжан Байжанов жедел жәрдем шақырып, Салтанат Нүкенованың қайтыс болғаны мәлім болған соң Қуандық Бишімбаевтың қандай күйде болғанын айтты.
Бишімбаев айғайлап, өзіне қол салу үшін пышақты тартып алды. Ол өзіне қол салмас үшін Қуандықты ұстап отырдым. Жалғыз өзімнің шамам келмеген соң барменді көмекке шақырдым, - деді Бақытжан Байжанов.
Бармен Абылай Қуандық Бишімбаевты күшпен ұстап тұрғанын айтты.
Қуандықпен сөйлескен жоқпыз. Қуандық есеңгіреп жүрді. "Бақытжан, Абылай мені жіберсінші. Мен не істеп қойдым?! Қолыммен істегенді мойныммен көтеремін. Адам өлтірдім, бала-шағамның бетіне қалай қараймын? Енді өмір сүре алмаймын" деген сөздерді айтты, - деді Бақытжан Байжанов.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді