Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМәжілісте «Психологиялық көмек туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Айна Мұсралимова адам денсаулығына зиян келтірген психологтарға қандай жауапкершілік қарастырылатынын түсіндірді.
Мәжілісмендер психолог қызметі салдарынан адам денсаулығына зиян келсе, қандай жауапкершілік болатынын сұрады.
Денсаулыққа зиян келтірілгені расталса, жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің нормаларына сәйкес қаралады. Жазаның ауырлығына байланысты санкциялар айнымалы: жеңіл жағдайларда – айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе түзету шаралары, ауыр зиян келтірген кезде – бас бостандығынан айыру қарастырылған, – деді депутат.
Сонымен қатар Мұсралимова заң жобасына әкімшілік жауапкершілікті енгізу мәселесі талқыланып жатқанын атап өтті.
Қазіргі уақытта біз психологиялық көмек көрсету тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салуды қарастыратын түзетулерді талқылап жатырмыз. Айыппұл көлемі әлі нақты анықталған жоқ, бірақ екінші оқылымға дейін бұл мәселені пысықтаймыз, – деп толықтырды депутат.
Депутат Асхат Аймағамбетов те Мәжілісте жалған психологтар мәселесін көтерді. Оның айтуынша, күйзеліске түскен мыңдаған отандасымыз көмеккке мұқтаж.
Аспаз халыққа зиян келтірсе, мейрамхана жабылып, іс қозғалады, жауапкершілік бар. Ал егер психолог адам өмірін тас талқан етсе, оған кім жауапты? Қазіргі заңнамада ондай жауапкершілік қарастырылмаған. Заң реттелмеген, – деді Асхат Аймағамбетов.
Енді жаңа заң бойынша психологтардың ашық реестрі болады. Психолог пен дәрігердің кәсіби шекарасы айқындалып, кәсіби құпияны сақтау да енгізіледі. Адамның психикасымен жұмыс істеу күрделі екені енді заңмен бекітіледі.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер