Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖер бетіндегі ең қауіпті өсімдік атауы белгілі болды. Бұл туралы fishki.net порталына сілтеме жасай отырып, El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл өсімдіктің жойқын қабілеті сондай, оны шабуыл кезінде немесе ереуілшілерді қуғындау мақсатында қолдануға болады. Атауы – Хура ағашы.
Ағаштың бірнеше түрі бар. Алайда оның «динамитті» түрі – ең қауіптісі.
Хура спираль тектес бұтақтардан тұрады. Діңгегі улы тікенектерге толы. Бұл тікенектер адам өміріне зиянды сұйықтық бөледі.
Оның бір түйір дәнінің өзі жүректі айнытып, адамды жайсыз сезіндіреді. Салдарынан асқазан ауырып, іш бүріп, көз қарауытып, жүрек соғысы жиілеп кетеді. Бұл - ең жеңіл симптомдары.
Ал ағзаға өсімдіктің кем дегенде екі түйірі түссе, галлюцинация пайда болып, адамның конвульсиялық ұстамадан тіл тартпай кетуі әбден мүмкін. Жергілікті аборигендер семсерлері мен жебелерінің ұшын ағаш уымен ысқылап, жорыққа шыққанынан-ақ оның жойқындығын аңғаруға болады.
Өсімдіктің көбею процесіне тоқталсақ, динамитті ағаш пісіп жетілген кезде дәндерін секундына 70 метрге дейін шашыратады екен. Әдетте дақылдар 14 метр қашықтыққа шашылып, жарылғыш гранатадан кем түспейді.
Айта кету керек, бұл өсімдікті Орталық және Оңтүстік Американың орманды аумағынан кездестіруге болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?